Жарма ауданының мектептерінің оқушыларымен кездесулер

Жарма ауданының мектептерінің оқушыларымен кездесулер

15.03.2024 ж., «Семей медицина университеті» КЕАҚ қабылдау комиссиясы  және «Medical Foundation» бөлімінің басшысы  Төлеубаева Қ.С. және ҚР ҰҒА-ның академигі Т. Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы денсаулық сақтау жүйесіндегі кадр тапшылығын жою мақсатында, Жарма ауданының мектептерінің оқушыларымен кездесулер өткізді.

«СМУ» КеАҚ қызметкерлері университеттің қызметі, дамуы, оның білім беру, ғылыми және инновациялық әлеуетінің қарқынды өсуі, мамандарды даярлайтын мамандықтар туралы бейнеролик ұсынды. Сондай-ақ мектеп оқушылары университет тарихымен, оның қалыптасуының маңызды кезеңдерімен егжей-тегжейлі таныстырылды.

Сондай-ақ, қосымша материалдар қолданылды, олар мектеп оқушыларына «СМУ» КеАҚ туралы мәліметтері бар жадынамалар мен буклеттер түрінде таратылды.

Презентация барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Өткізілген іс-шаралар мектеп оқушыларының белсенді, танымдық қызығушылығын тудырды.

Жарияланды: