ЖДТ кафедрасында Наурыз мерекесін бакалавриат студенттерімен бірге жақсы біліммен қарсы аламыз

ЖДТ кафедрасында Наурыз мерекесін бакалавриат студенттерімен бірге жақсы біліммен қарсы аламыз

2024 жылдың 20 наурызында   Семей қ. «Жалпы дәрігерлік тәжірибе” кафедрасында Наурыз мерекесі қарсаңында 5 курс студенттерімен «Өз ойынымыз» пәндік олимпиадасы өтті. Шараны ұйымдастырушылар м.ғ.к кафедра доценті Курумбаев Р.Р. және 5205 тобы. Қазылар алқасының мүшелері: м.ғ.д., проф. Казымов М.С., кафедра жетекшісі Нуржанова А.Е. және доцент Теміртасова Ж.О. Қатысушылар Жалпы медицина факультетінің 5112, 5110 және 5213 топтарының студенттері. Олимпиада «Өз ойынымыз» форматында өтті: командалар 3 адамнан 3 топқа бөлінді, әр топтың өз атауы мен ұраны болды, сұрақтар пәндер бойынша 3 блокқа бөлінді: ішкі аурулар, балалар ішкі аурулары және хирургия, гинекология. Әр блок 100-ден 500 ұпайға дейін күрделілік деңгейі бойынша 5 сұрақтан тұрды. Жиналған ұпайлардың қорытындысы бойынша 5213 «Дофамин» тобы 1 орын, 5110 «Синапс» тобы 2 орын, ал 5212 тобы «Адреналин» 3 орын алды.

Олимпиада алдағы Наурыз мейрамы қарсанында өткізілгендіктен баршаның рухын көтеріп, кафедра мен студенттердің есінде қалды!