18 наурыз – Ұлттық киім күні

18 наурыз – Ұлттық киім күні

2024 жылдың 18 наурызында 603 тобының интерндері Наурыз мерекесін тойлау аясында “Ұлттық киім “күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Мерекелік шара Семей қаласындағы No3 консультативтік-диагностикалық емханада өтті. Бұл мерекені жұқпалы аурулар, тері-венерология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Шаймарданов пен ассистент Смаил Е.М. ұйымдастырды.
Биылдан бастап Қазақстанда Наурыз мейрамы жаңа форматта тойланып, 10 күн – 14-23 наурыз аралығында онкүндік “Наурызнама” деп аталады. Онкүндіктің әрбір күні қазақстан мәдениетінің байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін белгілі бір тақырып пен құндылыққа арналған болды. 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Болашақ дәрігерлер ұлттық киім күні– төл мәдениетіміздің көрінісі екенін айтып, енді Ұлттық киім күні жыл сайын аталып өтетінін айтты. Мерекелік шара барысында ән мен жыр айтылып, би биледі. 603 тобының интерндері өз қолдарымен әзірлеген мол дастарханмен, барша қонақтарға дәм татқызды,дәстүрлі Наурыз-көже мен бауырсақтар ұсынылды.
Шаймарданов Н.Қ., Смаил Е.М.

Жарияланды:
Рубрикалар: Мерекелер