2024 жылдың 23наурызында терапия кафедрасының ассистенті Маймышева Сауле Юрьевнаның жетекшілігімен пульмонолог, пульмонолог резиденттер #3 студенттер жатаханасында Наурыз мерекесіне арналған тәрбиелік мағынасы зор іс-шара өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты: Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу. Бұл іс-шараға жергілікті студенттермен қатар шетелдік студенттер қатысып “наурыз мерекесі” жайлы қызықты мәліметтерді біле отырып, сұрақтараға жауап берді, арқан тарту, асық ату сияқты ұлттық ойындар ойнады. Сонымен қатар тұсау кесу рәсімін тамашалады. Ұлттық аспабымыз домбыраның үніне қанық болды.