“Күміс университеті” жобасындағы белсенді жұмысын жалғастыра отырып, 2024 жылғы 22 наурызда жұқпалы аурулар, дерматовенерология және мммунология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ. д., профессор Н. К. Шаймарданов, ассистент Е. М. Смаил Наурыз мерекесі аясында “Жыл басы” күні Семей облысының Денсаулық сақтау саласын дамытуға зор үлес қосқан, өз өмірін медицинаға арнаған және қазіргі уақытта лайықты демалыста жүрген медицина ардагерлерін қонаққа шақырды. шақырды. Біздің ардагер-дәрігерлер: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, анестезиолог-дәрігер Дурнобрагова Нейля Михайловна, инфекционист-дәрігер Әзімжанова Бақыт Мұхамеджанқызы, зертханашы-дәрігер Чан-Пин Нина Андреева, санолог-дәрігер Дошина Ольга Юрьевна, травматолог-дәрігер Фисунов Борис Иванович, медбикелер Галиуллина Сания Шахиевна және Каменская Ирина Николаевна. Кездесу жылы үй жағдайында өтті, ардагерлер өздерінің жұмыс күндерін еске алып, еңбек қызметі туралы естеліктерімен бөлісті. Инфекционистер Құрметті медицина ардагерлеріне мықты денсаулық және белсенді ұзақ өмір тіледі, медицина ардагерлеріне өздернің сыйлықтарын ұсынды.
Шаймарданов Н.К., Смаил Е. М.