“Есірткіге жол жоқ”

“Есірткіге жол жоқ”

2024 жылдың 26 наурызында ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында ассистент Амангалиева Г.М. 3101 топтың 3 курс студенттерімен “Есірткіге жол жоқ” тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Іс-шара барысында есірткінің негізгі түрлері, олардың адам ағзасына әсері, сондай-ақ нашақорлықтың алдын алу әдістері қарастырылды. Студенттерге есірткіні қолдану қандай қауіп төндіретіні, тәуелділіктен қандай психикалық және физикалық проблемалар туындауы мүмкін екендігі көрсетілді. Нашақорларды сәтті оңалтудың мысалдары келтірілді және есірткіні қолдануға азғырудан қалай аулақ болуға болатындығы туралы айтылды. Бұл кураторлық сағат студенттерге есірткінің қауіптілігін түсінуге және олардан аулақ болуға шешім қабылдауға көмектеседі деп үміттенеміз. Есіңізде болсын, денсаулық сіздің ең құнды ресурсыңыз және оны жаман әдеттерге жұмсауға болмайды. Есірткіге ” жоқ ” деп айтыңыз және салауатты өмір салтын таңдаңыз!”. Кураторлық сағат: “Жақсы денсаулық-ұзақ өмірдің негізі!».

Жарияланды: