Наурыз – көктем мерекесі

Наурыз – көктем мерекесі

Наурыз – қазақтар арасында да, Азияның көптеген халықтары арасында да бес мың жылдан астам тойланып келе жатқан жылдың басты мерекесі. Бұл көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басы. Наурыз мейрамы көктемгі күн мен түннің теңелетін күні 22 наурызда тойланады. Бұл күні аспан денелері: шоқжұлдыздар мен жұлдыздар бір жылдық циклден кейін өздерінің бастапқы тұру нүктелеріне келіп, жаңа жолды бастайды.

2024 жылдың 19 наурызында Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесін тойлау өтті. ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов, кафедраның профессор-оқытушылар құрамының жергілікті және шетелдік кураторлық топтарының студенттері қатысты. Барлық студенттер ашық-шашық ұлттық киімде болды. Қазақ, үнді және пәкістанның ұлттық тағамдары қойылған дастархан жайылды.

Шетелдік топтар арасында «Жалпы медицина» мамандығының 1503, 1504, 1505 топтары қатысты. 1504 және 1505 топтарының кураторы Кульжебаева Сабина Ренатовна. 1504 студент Gusain Sameer Singh пен Harsh Pandey хинди тілінде ән орындады. 1505 тобының студенттері Mohd Sohil, Sharma Abhishek, Singh Ronit Kumar, Anfal Hameed, Asif Muhammad, Diwyansh би биледі.

Студенттер жалпы ұлтаралық дастарханға ұлттық тағамдарын да әзірледі. 1504 және 1505 топ студенттері Ali Mantasha, Verma Shubham, Khan Aqsa Ashraf, Asif Muhammad ұлттық киімдерін көрсетті. Мұндай іс-шаралар студенттерге достық қарым-қатынас орнатуға, мәдени тәжірибе алмасуға және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге көмектеседі.

Өте көңілді және қызықты өтті, қатысқандары үшін кураторлық топтарымызға алғыс айтамыз.

Жарияланды: