Наурыз мейірімділік пен татулық мейрамы. Сондықтан мереке күндері мұқтаж жандарға қол ұшын созу, мейірімділік таныту Наурыздың қадірін арттырады. Еліміздің түкпір-түкпірінде қайырымдылық, мейірімді насихаттайтын түрлі іс-шаралар өтуде.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.
Наурызнаманың онкүндігінің жоспарына сәйкес 15 наурыз қайырымдылық күніне орай Өскемен филиалы,Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы бір апталық қайырымдылық акциясын өткізді.Бұл қайырымдылық акциясына ЖТД кафедрасының ассистенттері,интерндері,резиденттері,дәрігерлері және кафедрамыздың өткен жылдардағы түлектері қатысыты.
Бұл қайырымдылық акциясына 2023 жылдың тамыз айында жол апатынан дүниеден өткен интерніміздің артынан қалған жұбайы мен балалары арқау болды.Жұбайы асыраушысынан айырылғандықтан,қазіргі таңда қаржылай қиындық көруде.Дегенмен,үйлі болуға ниетті.Біз де оның үй алуына себепкер болайық деп қаржылай жәрдем көрсеттік.Қайырымдылық шарасын жалғастыру бұнымен бітпейді.Инстаграм әлеуметтік желісінде де жиналым жүруде.Интерініміз тірі болғанда арамызда болып ,биыл университет бітірер еді.Сіздерді де қайырымдылық жасауға шақырамыз!