Науырыз мейрамы

Науырыз мейрамы

20 наурыз 2024 ж. “Жалпы Медицина” мамандығының 5432 тобының студенттері, ЖТД  кафедрасы м.ғ. д. профессор А. А. Дюсупова және куратор, м. ғ. к., С. М. Әділғожинамен бірге «Ұлыс оң болсын…» тақырыбында наурыз мерекесі өткізілді. Наурыз мерекесі тойланды. Мерекелік іс-шара студенттерге ерекше көңіл күй сыйлады. Группамыздың белсенді студенттері өз өнерлерін ортаға салып, шағын концерттік бағдарлама қойды. Ұлыстың ұлы күніне арналған әсем әуендер шырқап, мың бұрала би биледі, күмбірлете күй төкті. Небір тамаша қойылымдар қойды. Наурыз мерекесі жалпы түркі халықтарының мерекесі, ұрпақтар жалғасы, рухани қазына болып табылады. Аталмыш мереке ел бірлігіне, тыныштығына ықпал етеді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Мерекелер