«Стоматология» білім беру бағдарламасының білім алушыларымен жиналыс

«Стоматология» білім беру бағдарламасының білім алушыларымен жиналыс

2024 жылдың 6 наурыз күні Қоғамдық денсаулық, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебі және Стоматологиялық пәндер және бет-жақ хирургиясы кафедрасы «Стоматология» білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушыларымен кездесу өткізді.  Жиналысқа Мектеп деканы Кайрханова Ы.О., стоматологиялық пәндер және бет-жақ хирургиясы кафедрасының меңгерушісі, декан орынбасарлары және оқытушылар қатысты.

Жиналыс барысында білім алушыларды академиялық саясат, пән саясаты, ішкі тәртіп ережелері, білім алушылардың этика Кодексі және сабақта және емтихан кезіндегі өзін-өзі ұстау нормаларын қайта таныстырды. Академиялық адалдық саясаты және білім алушыларға оны бұзғаны үшін жазалау мәселелері көтерілді.

Жарияланды: