«Студенттік ғылыми үйірмелер жәрмеңкесі»

«Студенттік ғылыми үйірмелер жәрмеңкесі»

2024 жылдың 14 наурыз күні «Семей медицина университеті» КеАҚ студенттік ғылыми үйірмелер жәрмеңкесі өтті, оған біздің университеттің барлық кафедралары белсенді қатысты. Ғылыми үйірмелер өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін таныстырып, бірінші курс студенттерімен әңгіме жүргізіп, СҒҮ қатысушыларының қызметі, негізгі нәтижелері мен ғылыми зерттеулердің жетістіктері туралы ақпараттар берді. ҚР ҰҒА академигі Т. К. Раисов атындағы Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының базасында «Molecular Genetics Researchers» ғылыми студенттік үйірмесі жұмыс жасайды.

Жәрмеңкеге қатысқан әрбір студент өзіне ұнайтын бағытты таңдап, үйірме түрлеріне жазылды.

ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының “Molecular Genetics Researchers” ғылыми студенттік үйірме жетекшісі «Жалпы медицина» ББ 3 курс студенті Саманд Абдулкабирдің басшылығымен өзінің ғылыми жетітіктерін үздік көрсеткен үшін “The best performance” номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

ҚР ҰҒА академигі Раисов Т. К.  атындағы молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы Кожахметова ББ

«Жалпы медицина» ББ 3 курс студенті Саманд Абдулкабир

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар