Тақырып бойынша эндокринолог резиденттерімен кураторлық сағат: “Көрісу күні ”

Тақырып бойынша эндокринолог резиденттерімен кураторлық сағат: “Көрісу күні ”

2024 жылдың 14 наурызында терапия кафедрасының ассистенті Г.С.Сарсебаева 1 курс эндокринолог-ординаторларымен бірлесіп “Көрісу” күніне арналған кураторлық сағат өткізді.

«Наурыз» сөзі «жаңа күн» дегенді білдіреді. Ертеде қазақ бұл күнді «наурыз» демей «амал» деген. Бұл сөздердің айырмашылығы  жоқ деуге болады. Ал бұл қазіргі күнтізбе бойынша 14 наурызға сәйкес келіп отыр. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Көрісу күніне ешкім арнайы шақырылмайды, жайылған дастархан жиылмайды. Адамдар бір-біріне түске дейін көрісіп шығуға тырысады. Түске дейін нағыз мейрам сезіледі. Ал кешігіп қалғандар болса, біртіндеп кешке дейін келе беруіне болады.

Мерекенің өзектілігі мен құндылықтары туралы сөз қозғалды. Резиденттер бір-біріне жылы лебіздерін арнап, мерекемен құттықтады.

Жарияланды: