“№18 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ” КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ

“№18 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ” КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ

2024 жылғы 19 наурызда «Семей Медициналық университетінің» психиатрия және наркология кафедрасы “№18 жалпы орта білім беретін мектебінің” 9,10,11 сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру іс-шараларын өткізді.

Мектеп оқушыларына құттықтау сөз сөйледі: психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі PhD докторы Т.М. Молдағалиев, Н.Н. Оспанова, кафедра ассистенті А. А. Алмагамбетова, резиденттер Е. К. Голубь, Қ. Бояубаев. Өз сөзінде олар оқушыларды “Семей медицина университетінің” қарқынды инфрақұрылымдық дамуы, оның білім беру, ғылыми және инновациялық әлеуетінің қарқынды өсуі туралы толық ақпаратпен таныстырды. №18 мектеп оқушылары “Семей медициналық университеті” табысты қызметімен егжей – тегжейлі танысты, 7 білім беру бағдарламасы бойынша қандай мамандықтар алуға болатындығы туралы ақпарат алды. “Семей медицина университеті” ұзақ уақыт бойы білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламасын табысты жүзеге асырып келеді. Әскери дайындық кафедрасы бар. Әскери даярлықты оқытудың мақсаты-ҚР Қарулы Күштері үшін запастағы медициналық қызмет офицерлерін даярлау. №18 мектеп оқушылары қызығушылық танытып, белсенді сұрақтар қойды. Дәрігер мамандығы-Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау үшін құрметті, асыл және өте жауапты іс!

Жарияланды: