“Әз Наурыз- жыл басы” Педиатрия кафедрасында тойлануы

“Әз Наурыз- жыл басы” Педиатрия кафедрасында тойлануы

Қазақ халқы береке бірліктің, ізгілік пен татулықтың мерекесі Наурызды ерекше тойлайды. Биылдан бастан Ұлыстың Ұлы күні Қазақста Республикасында 10 күн тойланады. Елімізде түрлі той-думан, спорт, салт-дәстүр, мәдениетімізге байланысты іс-шаралар өтіп жатыр.
19 наурыз күні “Д.М.Түсүпова атындағы Педиатрия және медициналық реабилитация” кафедрасының клиникалық базасының бірі “Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығында” Наурыз мейрамы тойланды. Мерекелік іс-шара педиатрия, неонатология және реабилитология мамандықтары арасында сайыс ретінде өткізілді. Алғашқы болып кафедра меңгерушісі Алимбаева А.Р құттықтау сөз сөйледі. Қатысушы ретінде кафедра оқытушылары және 1,2-курс резиденттері болды. Әрқайсысы өз ауылдарын құрып, дастархан жайып, ұлттық салт-дәстүрімізді қойып, түрлі өнерлерін көрсетті. Жан-жақтылығымен ерекше көзге түскен ауыл- реабилитологтардың Рамазан ауылы болды. Береке ауылы-Неонатологтар- баланы қырқынан шығару дәстүрін көрсетіп, номинацияға ие болды. Бірлік ауылы-Педиатрлар би билеп, ән айтып өнерлі екендерін дәлелденді. Қазылар алқасы- аталмыш центрдың дәрігерлері болып таңдалған болатын. Мерекелік іс-шара соңында әр мамандық грамотамен марапатталды. Сонымен қатар барша қонақтатар дастарханға шақырып Наурыз көжеден, ұлттық тағамдардан ауыз тиді.
18 наурыз- ұлттық киім күніне орай оқытушылар арасында өткізілген челленджы біздің кафедра “Балалар ауруы пропедевтикасы” кафедрасынан қабылдап “Балалар жұқпалы аурулар” кафедрасына жолдады.
Биылғы жылғы Наурыз мерекесі де жағымды жағынан есте қалды. Ата-бабамыздан қалған ұлттық, тарихи мерекемізді еске түсіріп, жақсылықтың жаршысы болған Наурызды одан сайын дәріптеп, болашақ мамандар үшін тәрбиелік мәні зор болмақ . Кафедра арасындағы сыйластық пен ауызбіршілік қасиеттерінің арқасында мереке өте жоғары деңгейде аталып өтті. Сол күні жылулық орнап, айнала нұрға бөленіп, аман-саулық сұрасып, мамыражай күйге енді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Мерекелер