Ішектің қабыну аурулары бар пациенттерде Энтивио енгізу тәжірибесі

Ішектің қабыну аурулары бар пациенттерде Энтивио енгізу тәжірибесі

2024 жылдың 19 наурызында СМУ КеАҚ ішкі аурулар мен ревматология кафедрасының ғылыми Гастромектеп аясында СМУ КеАҚ Гастроэнтерология бөлімінде ішектің қабыну аурулары (ІҚА) бар пациенттерді емдеуде биологиялық препарат Энтивио енгізу тәжірибесіне бағытталған Семей қаласының гастроэнтеролог дәрігерлермен және жалпы тәжірибе дәрігерлерімен бірге домалақ үстел өтті. Кездесуде Гастромектептің мүшелері доценттер Муздубаева Ж.Е., Шаханова А.Т. қатысты. Домалақ үстелдің модераторлары мен спикерлері профессор Жумадилова З.К. мен Гастроэнтерология бөлімінің меңгерушісі Жылкыбаева К.Ш. болды.

Жергілікті деңгейде жүргізілген ғылыми медициналық зерттеулердің маңыздылығы сұрақтары қозғалды. Биологиялық препарат Энтивио енгізудің меншік тәжірибесі бізді дүниежүзілік фармацевтикалық аймаққа осы препаратты енгізу үшін жүргізілген глобалды зерттеулерге жақындатты. Осы препараттың жоғары клиникалық, биохимиялық және эндоскопиялық нәтижелігі, оның төмен иммуногенділігі, басқа көптеген биологиялық препараттар ішіндегі жоғары қауіпсіздігі туралы зерттеулердің нәтижелері айтылды. Барлығы ҚР-да ІҚА бар пациенттерге осы препаратты амбулаторлы жағдайда алуға мүмкіндік беретін Энтивионың теріастылық түрі пайда болуы туралы ақпарат жандандырды.

ІҚА ағым динамикасын мониторлаудағы жаңа тенденциялар мен ІҚА бар пациенттерді жүргізу алгоритмі талқыланды. Домалақ үстелді барлық қатысушылардың дискуссиясы мен өзара ойларын бөліскеннен кейін ортақ қорытындыға келді: ІҚА бар пациенттерді жүргізудің заманауи тенденциялары гастроэнтеролог – дәрігерлердің күнделікті клиникалық тәжірибесіне енуі тиіс.

Жарияланды:
Рубрикалар: Дөңгелек үстелдер