«Клиникалық дағдылар-2» пәні бойынша университетішілік пәндік олимпиада

«Клиникалық дағдылар-2» пәні бойынша университетішілік пәндік олимпиада

27.03.2024 жылы мейіргер ісі кафедрасының ассистенттері «Клиникалық дағдылар-2» пәні бойынша университетішілік пәндік олимпиада өткізді.

Мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі Ж. М. Жуманбаева салтанатты түрде сөз сөйлеп, барлық студенттер мен әріптестерді олимпиаданың басталуымен құттықтады.

Олимпиадаға 2314, 2325, 2312 «Жалпы медицина» тобының студенттері белсенді қатысты.

Олимпиада үш кезеңнен тұрды:

1-кезең Quiz сұрақтар;

2-кезең ситуациялық жағдайларды талдау және практикалық дағдыларды көрсету;

3-кезең викторина.

Олимпиада қорытындысы бойынша 2314 «Жалпы медицина» тобының студенттері салтанатты түрде 1 дәрежелі Дипломмен, 2325 «Жалпы медицина» тобының студенттері 2 дәрежелі дипломмен, 2312 «Жалпы медицина» тобының студенттері 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ұйымдастырушылар: қауымдастырылған профессор, мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі Жуманбаева Ж.М., кафедра ассистенттері Орынбасарова Б.А., Оспанова А.Т., Болатова М.Б., Қисина Р.М., Құдайбергенов Р.Н., Шагиева Д.Ш., Рахматуллина Н.С., Садықова Т.М., Амренова Д.Ш., Шарапиева А.М., Айтмурзинова Г.Т.

Жарияланды:
Рубрикалар: Конкурстар