«Масленица- жаңару мерекесі»

«Масленица- жаңару мерекесі»

17.03.2024. күні шетел бөлімінің кураторлары Л.В. Ковалева, О.А. Усенова (физиологиялық пәндер кафедрасының оқытушылары), О.Т. Ван (симуляция және білім беру технологиялары кафедрасының оқытушысы), Б.Т. Шакирова (ЖББ кафедрасының оқытушысы) кураторлық топтардың студенттерімен бірге дәстүрлі ресейлік «Масленица» мерекесіне арналған қалалық іс-шараға қатысты.

Дәстүрлі Масленица мерекесі– қысты шығарып салу мен көктемнің қарсы алуын, ұзақ қысқы ұйқыдан кейін табиғаттың оянғанын білдіреді. Балалар орыстың ұлттық киімімен, халық әндерімен танысып, осы мерекеге арналған дәстүрлі тағам – құймақтан дәм татты. Іс-шара ерекше қызығушылық тудырды, жергілікті балалармен армрестлинг жарысы болды. Бір топ студенттеріміз ұлттық үнді биімен концертке қатысты. Студенттер қыстың қуыршағын жағу рәсімін қызыға тамашалады. Масленица мерекесі студенттерде ерекше әсер қалдырды.

Ковалева Л.В. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы

Жарияланды: