«Медицинаға мектеп оқушыларының профориентациясы»

«Медицинаға мектеп оқушыларының профориентациясы»

«СМУ» КеАҚ ішкі аурулар мен ревматология кафедрасында академиялық жетекші профессор Жумадилова З.К. басшылығымен «Ересектердің, балалардың гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша 2 оқу жылы резиденттері жүргізген профориентациялық жұмыс жалғасуда.

Резидент Муздубаев Даулет Кайратович «Бiлiм Инновация» Арнайы лицей оқушыларына «Медицинаға мектеп оқушыларының профориентациясы» тақырыбындағы баяндамасын көрсетті. Бұл шараның мақсаты оқушыларға денсаулық сақтау жүйесі мен медициналық профессиялар туралы объективті көзқарасты жеткізу болды. Дәрігер мамандығымен басқа ешқандай мамандық салыстыруға келмейтіні, адамдар денсаулығына күрестен жауапты іс жоқ деп баса назар аударылды. Дәрігер мамандығы әлі күнге дейін өзекті болып келеді, көптеген аймақта профессионализмді қажет етеді. Заманауи дәрігер өз ісінің профессионалы ғана емес, сонымен қатар сезімтал психолог, этикалық идеалдар таратушысы.

Резидент қызықтырған сұрақтарға жауап берді және оқушыларға олардың болашақ мамандығын таңдауда саналы таңдаудың маңыздылығын түсіндірді. Өзінің медицинаны таңдау оқиғасын айтты.

Кездесу қызықты және танымды атмосферада өтті. Оқушылар дәрігер мамандығымен жағынырақ танысып, өздерінің сұрақтарына нақты толық жауаптар алды.

Жарияланды: