22-Наурыз – Ұлыстың ұлы күні, Жыл басы деген ұстаныммен, 2024 жылдың Наурыз мейрамы қарсаңында Семей медицина университетінің ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы мен Дене шынықтыру кафедраларының ұйымдастыруымен кураторлық топтар арасында волейболдан турнир өткізілді. Турнирге “Медицина” ББ 1217, 1219, 1220, “Педиатрия” ББ 1230, 1231, 1233 кураторлық топтары қатысты. Өте тартысты өткен ойындар нәтижесі бойынша:
1-ші орынға 1219 топ «Медицина» ББ студенттері ие болды (кураторы Кожахметова Балжан Балташевна)
2-ші орынды 1220 топ «Медицина» ББ студенттері иеленді (кураторы Есентаева Аяулым Маулетбековна)
3-ші орынға 1230 топ «Педиатрия» ББ студенттері ие болды (кураторы Ғалымбеков Дәулет Жанарбекұлы).
Барлық қатысушыларға арнайы мақтау грамоталары және ақшалай сыйлықтар табысталды. Бұл шараға ат салысып қатысқан барша ұжымға және студенттерге алғысымызды білдіреміз.
ҚР ҰҒА академигі Раисов Т.К. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы Ғалымбеков Д.Ж.