Анатомия кафедрасындағы дөңгелек үстел

Анатомия кафедрасындағы дөңгелек үстел

Профессор Н.А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасында 2024 жылдың 15 наурызында «Қалыпты жүйке жүйесі және сезім мүшелері», «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері клиникада» «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері патологиясы» директорлары мен 1,2 курстар координаторлары құрамында дөңгелек үстел өткізіп,  жұмыс тобы құрылды.  Дөңгелек үстелдің мақсаты – «Қалыпты жүйке жүйесі және сезім мүшелері» комитетіндегі қысқы емтихан сессиясының қорытындысын талдау, кері байланысты талқылау, алдағы бірлескен жұмысты жоспарлау, біріктірілген сабақтар мен дәрістер ұйымдастыру және өткізу. Қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесінің маңызды түйінді міндеттерінің бірі – заманауи білім беру бағдарламалары негізінде ойлайтын, шығармашыл, белсенді, біліктілігі жоғары маманды қалыптастыру. Сондықтан бүгінгі таңда оқытушылардың алдында сабақтың белсенді формаларын, жаңартылған оқыту тәжірибесін, икемді вариативті, инновациялық оқыту технологияларын кеңінен қолдану міндеті тұр.

Жарияланды:
Рубрикалар: Дөңгелек үстелдер