Эпидемиология және биостатистика кафедрасында пәндік олимпиада өтті

Эпидемиология және биостатистика кафедрасында пәндік олимпиада өтті

2024 жылдың 26-27 наурызында «СМУ» КеАҚ эпидемиология және биостатистика кафедрасының ұйымдастыруымен «Жалпы медицина» және «Педиатрия» мамандықтарының 3 курс студенттері арасында «Дәлелді медицина және статистикалық талдау әдістерін қолдану» пәні бойынша олимпиада өтті.

Олимпиаданың мақсаты студенттердің дәлелді медицина және статистикалық талдау саласындағы білімдерін тереңдету, сондай-ақ алған дағдыларын бекіту болды. Студенттерге өз білімдері мен дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берілді.

Олимпиада екі кезеңде өтті. Бірінші кезең – тестілеу эпидемиология және биостатистика кафедрасында өтіп, оған 54 студент қатысты. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша екінші кезеңге қатысуға 5 қатысушы іріктелді. Екінші кезең «Своя игра» форматында өтіп, студенттер теориялық және практикалық бөлімдер бойынша білімдерін көрсетті.

Екі кезең аяқталғаннан кейін қазылар алқасы жиналған ұпайларды есептеп, жеңімпаздарды анықтады.

Олимпиада жеңімпаздары: I орын – Бактияров Адай, 3102 ОМ тобы; ІІ орын – Закиева Диляра, 3102 ОМ тобы; ІІІ орын – Аукенова Алина, 3101 ОМ тобы. Олимпиаданың барлық жеңімпаздары сертификаттармен марапатталып, барлық қатысушылар бағалы сыйлықтарға ие болды.

Қорытындылай келе кафедра меңгерушісі Байбусинова Асель Жанартасқызы құттықтау сөз сөйлеп, қатысқан студенттерге, сонымен қатар олимпиаданы ұйымдастырып, өткізген оқытушыларға алғысын білдірді.

Олимпиаданы ұйымдастыруға эпидемиология және биостатистика кафедрасының барлық ұжымы қатысты: Ордабаева И.Н., Каримова Ж.Н., Тукинова А.Р., Мукашева Г.Д., Қанат Д.К., Ефендиева Е.И., Жапарова Ж..Д., Коростова Е.В., Коростова Е.В., Шапиханова А.М., Байбусинова А.Ж., Нұртазина А.У.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар