5112 ОМ топ студенттері куратор М.С. Қазымовпен бірге Абай ауданы білім бөлімінің «Семей қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болды. Жиналған қаражатқа спорттық құралдар – доптар, сыйлықтар мен тәттілер сатып алуға жұмсалды. Студенттер ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетуді, олардың өзін-өзі бағалауын арттыруды, сонымен қатар шығармашылық қызығушылықтарын ашуды мақсат етіп қойды. Іс-шара бағдарламасында анимация, ойындар, жүлделі балалар байқауы, фотосурет және заманауи билер болды. Барлық балалар қайырымдылық жәрмеңкеден жиналған қаражатқа сатып алынған сыйлықтарға ие болды.
Барлық ересектердің міндеті – әрбір баланың балалық шақ естеліктері мейірімді және бақытты болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысу. Бұл әртүрлі жағдайларға байланысты Бейімдеу орталығына түсетін балаларға да қатысты. Осындай сапарлардан кейін сіз өз жүрегіңізде түсіне бастайсыз: мейірімділік әрекеттері олар үшін айтылған адамдарға ғана емес, сонымен қатар оны орындаушыларға да қажет. Жүрегімізде шынайы қарым-қатынастың ұмытылмас қуанышы қалды. Ал біздің олардан алғанымыз көп шығар. Олардың әрқайсысына балалық шағы ата-анасының, туған-туыстарының құшағында өтуіне шын жүректен тілектеспіз.