Наурыз – көктемгі жаңару мерекесі!

Наурыз – көктемгі жаңару мерекесі!

Қазақстанда көктем толықтай 22 наурызда келеді – дәл осы ерекше күні көктемгі күн мен түннің теңелуін ғана емес, табиғаттың да жаңаруын білдіретін жарқын Наурыз мейрамы тойланады. Наурыз Қазақстандағы құнарлылықты, достық пен махаббатты білдіреді. Бұл күні адамдар әдемі киініп, отбасы мен достарына қонаққа барады және жақсы тілектер айтады. Шығыс халықтары үшін Наурыз мейрамы Жаңа жылмен бірдей, өйткені екі мереке де жаңа өмірдің жаршысы болып саналады.

Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында 2024 жылдың 20 наурызында госпитальдық хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасында Наурыз мейрамы тойланды. Мереке кафедра меңгерушісі М.Ж.Аймағамбетовтың ассистенттерді, резиденттерді және студенттерді құттықтауымен басталды. Наурыз мейрамына орай резидент хирургтер мен анестезиологтар баяндама жасап, «Көрісу» мен «Алғыс айту» дәстүрлері өткізілді.

Сондай-ақ кафедрада ұлттық тағамдардан дастархан жайылды: наурыз көже, талқан, құрт, ірімшік, т.б. Наурыз-көже – ет, су, ұн, сары май, тары, тұз, сүт сияқты жеті тағам түрінен дайындалатын тойымды, қанық көже. Тағамның әрбір құрамдас бөлігі өмірдің жеті қағидасының бірін білдіреді: өсу, сәттілік, бақыт, байлық, денсаулық, даналық және руханилық. «Наурыз көжемен» барлық хирургтарды, кафедра ассистенттерін, студенттерді дәм татқыздық.

Мереке өте көңілді және қызықты өтті, осы мерекені ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

Жарияланды:
Рубрикалар: Мерекелер