Наурыз мерекесін тәлімгерлік топтармен тойлау

Наурыз мерекесін тәлімгерлік топтармен тойлау

“Семей Медицина Университетінде” КеАҚ “Наурызнаманың” онкүндігіне орай Стоматологиялық пәндер және ЖБХ кафедрасында 18 Наурыз күні доцент  Н.Б. Хайдарова  503 топ студентерімен және тәлімгерлік 608 топпен бірлесіп “Ұлттық киім күні” атты іс-шара өткізілді. Білім алушылармен Ұлттық киім тақырыбында әңгіме жүргізілді. Егер ертеде дәстүрлі киім кию архаикалық болып көрінсе, қазір бұл трендте. Атырау қаласында өткен Ұлттық Құрылтайда Президент Тоқаев Қ.К. Қазақстанның оқу орындарында ұлттық киім кию туралы бастаманы қолдады. Қазақ мәдениеті ұлттық киімде көрініс табады. Көшпенді өмір салты, жазық дала климаты және діни көзқарастар дәстүрлі қазақ киімінің дамуына әсер етті. Сондай-ақ, киімнің сапасы мен оның жекелеген элементтері қазақтың әлеуметтік мәртебесін және оның қай текке немесе руға жататындығын білуге мүмкіндік берді. Қазақ киімінің қолайлығынан бөлек, оның түрлі өрнектермен, асыл тастармен немесе бағалы аң терілерімен безендірілуі маңызды рөл атқарды. Сонымен қатар, ерлер мен әйелдер өздерінің мәртебесін ерекше атап өту және сәнді көріну үшін алтын немесе күміс ілгектермен және басқа сәндік элементтермен безендірілген жалпақ белбеулер таққан. Наурыз мейрамын тойлау кезінде барлық студенттер мен интерндер ұлттық киім киіп дастархан басына отырды. Ұлттық киімдер күніне арналған мереке дискутивтік сипатта болды және білім алушылар арасында біздің халқымыздың салт-дәстүрлеріне деген үлкен қызығушылық тудырды.

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір