Бос орындар жәрмеңкесі

Бос орындар жәрмеңкесі

2024 жылдың 29 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасында «Семей медицина университеті» КеАҚ Өскемен филиалының қатысуымен бос орын-жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге қалалық ауруханалардан және Шемойнайха, Ұлан, Глубокое, Серебрянск аудандық ауруханаларының өкілдері қатысты. Дәрігерлер студенттермен пайдалы ақпаратпен бөлісіп байланыс нөмерлерімен алмасты, кейбіреулері келісім шарт жасауды да ойластырды. Декан орынбасары Аймухамбетов Ерзат Нурсадыкович Өскемен филиалы жайлы мағлұмат берді.
Өскемен филиалында 2018 жылмен салыстырғанда бүгінгі күнге түлектер саны екі есеге үлкейгені жайлы, және де Өскемен ауруханаларында қазіргі таңда жұмыс жасап жүрген түлектер бар екені туралы айтты. Бүгінгі күнге тағыда Клиникалық – фармокология, клиникалық-лаборатория, гастро, нефрология, аллергология, кардиохирургия сияқты мамандықтары қосымша қосылып оқытылып жатқаны жайлы айтылды.
Филиал 22 клиникамен келісім шартқа бойынша жұмыс жасайды. Және де дәрігерлерге арналған қосымша біліктілікті арттыру курстары өткізілетіндігі туралы айтылды.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз