2024 жылдың 27 наурызында «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының цикл бастығы – оқытушы запастағы медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Нұрбек Саденовичтің жетекшілігімен 3404 топ студенттері «Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов» мұражайына барып, қазақ халқының тарихи беттеріне қызықты саяхат жасады.
Студенттер мұражайда ата-бабаларымыздың өткен өміріне көз жүгіртіп, мәдениетімен танысты.
Бұл саяхат – ұлттың қалыптасуында шешуші рөл атқарған көптеген тың деректер мен оқиғаларға көз ашты.
Студенттер сол кездегі саяси қайраткерлердің тарихымен танысып, олардың қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы күресі туралы білді.
Мұхтар Әуезов секілді ұлы тұлғалардың жолы ұрпаққа шабыт беріп, өткен тарихымыз үшін мақтаныш сезімін тудырады.
Бұл шара жастардың санасын кеңейтуге және еліміздің тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға себеп болды.
Білім мен жаңалықтар әлеміндегі жаңа саяхаттарға үміттене отырып, бірегей тәжірибе үшін оқытушымыз Нұрбек Саденовичке үлкен алғысымызды білдіреміз!
Әскери кафедраның 3404 топ студенттері