Акция «Жақсылық жаса!»

Акция «Жақсылық жаса!»

Халқымыздың қанына сіңген асыл қасиеттердің бірі – жабырқаған жандарға жақсылық жасап, қамқорлық көрсету болып табылады. Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз мерекесіне орай 2024 жылдың 16 наурыз күні Өскемен қаласында «Үміт» орталығының тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық шарасы өткізілді. Шара барысында мерекелік дастархан жайылуына ат салысып, азық – түлік себеттері алынды. Тәрбиеленушер алғыстарын білдіріп, өз өнерлерімен тәнті етті. Шараның өткізілуіне себепкер болған Семей медицина университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті Саменова Н.Е және «Жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығы бойынша 6 курс дәрігер- интерндері 633 топ: Алтаева А.Е., Оралбекова Б.О., Жұмакелді Н.Ж., Қайратова А.Қ., Қизатолданова А.Е., Нұрғазина А.Д. , Бейсенгазин Б.Е. . 632 топ: Мерғали А.Ғ., Талғатқызы А., Махмутханов Д.Н., Жұмағалиева Е.Б., Қайролда Т.А., Самархан Ұ.М.  қуана ат салысты.

Достар,  жақсылық жасап жарысайық!

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті Саменова Н.Е.

Жарияланды:
Рубрикалар: Волонтерлік жұмыс