30.03.2024 ж. “еліктеуге арналған үлгі” тақырыбында дөңгелек үстел (университетте, сабақтарда, Университеттің жұмыс чаттарында (Telegram чатында) бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде) “МУС” КЕАҚ №1 студенттер үйінде Семей қаласының ЖТД кафедрасының қызметкерлері: Курумбаев Р.Р., Шалгумбаева Г.М., Әділғожина С. М., Апсаликов Б. А. өткізді.
Кафедра қызметкерлері студенттер арасында қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері, медициналық тәжірбиедегі этика және деонтология, әлеуметтік желілердегі мінез-құлық ережелері, әлеуметтік желілерді пайдалану және онлайн сатып алу кезіндегі ықтимал қауіптер, жеке ақпаратқа қол жеткізуді шектеу және әңгімелесушілерге құрмет көрсету қажеттілігі туралы дәріс оқып, әңгімелесті. Студенттер тақырыпты талқылауға белсенді қатысты, қызықтырған сұрақтар қойылып, толық жауаптар алынды.