29.03.2024 жылы СМУ-ның психиатрия және наркология кафедрасы “Гендерлік теңдік – Қазақстандық қоғамның табыстылығының кепілі”тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Қатысушылар: #5108 кураторлық тобының студенттері. Семей медицина университетінің 5 курс студенттеріне 5108 топтың кураторы А. А. Алмагамбетова өз сөзінде гендерлік теңдік жыл сайын ілгерілеп келе жатқанын және Қазақстанның ішкі саясаты мен оның демократиялық өзгерістерінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі шаралар мен құралдар” конференциясына қатысушыларға жолдауында Қазақстандағы гендерлік саясатты жоспарлы түрде дамыту туралы еске салды.
Гендерлік саясат экономикадағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады және гендерлік теңдікті нығайту халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға, көптеген кәсіби салалардың күшейтілген және жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Бүгінгі таңда гендерлік индикаторлар мемлекеттік бюджетті қалыптастыру, мемлекеттік жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеу кезінде қолданылады. Сондай-ақ, отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бойынша атқарушы, өкілді және сот билігіндегі әйелдердің үлесіне қол жеткізу нысаналы көрсеткіш болып табылады.
Елде гендерлік статистика мен сараптама тетіктері кеңінен енгізілді, әйелдердің қатысуының қоғамдық инфрақұрылымы – әйелдер ҮЕҰ қалыптастырылды, әйелдер көшбасшылығы желісі және әйелдер үшін Дағдарыс орталықтары құрылды. Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бойынша арнайы шаралар жүзеге асырылуда.