2024 жылдың 17 ақпанында ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары А.М.Есентаева, Б.З. Елькенова, Д.Ж.Ғалымбеков, А.М.Данешова № 1 студенттер үйінде “Контрацепция. Жастарға жыныстық тәрбие беру. Кәмелетке толмағандардағы жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу”, жас ұрпақтың жыныстық тәрбиесі, жастардың өз денсаулығына құндылық қатынасын қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
Қазіргі заманғы медициналық және әлеуметтанулық зерттеулер жыныстық жетілу кезінде балалардың денсаулығының нашарлауын көрсетеді. Соңғы жылдары жыныстық және гинекологиялық аурулардың, жыныстық дамудың бұзылуының, асоциалды жыныстық мінез-құлық жағдайларының жиілігінің (жыныстық азғындық, жыныстық агрессивтілік, түсік түсіру) өскелең ұрпағында прогрессивті өсу ерекше қауіпке ие болды. Жыныстық мәдениетсіздіктің ең ауыр зардаптарының бірі – контрацепцияның өте төмен мәдениеті, нәтижесінде босануды жоспарлау мен реттеудің жетекші әдісі әлі күнге дейін жасанды түсік болып табылады. Жас ұрпақ контрацепция мәселелерінде сауатты болуы тиіс.
Мұғалімдер контрацепция әдістері туралы айтты: гормоналды, жатырішілік, химиялық, хирургиялық, тосқауыл, механикалық, шұғыл контрацепция және т.б. сияқты жіктеулерге тоқталды, жыныстық жетілу, әйелдер мен ерлердің репродуктивті жүйелері туралы айтты. Әр әдістің тиімділігіне, көрсеткіштеріне және қарсы көрсеткіштеріне тоқталып, Перль индексінің формуласын көрсетті. Қазақстанда жүктілікті тоқтату және жасанды түсік жасатуға қатысты бұйрықтар бар, дәлірек айтсақ, ДСӘДМ-нің 2015 жылғы 28 шілдедегі №626 бұйрығына тоқталды.
Студенттерге дәріс өте ұнады, дәріс соңында студенттер қызықтырған сұрақтарын қойды. Оқытушылар барлық студенттерге дәріс барысында қатысқаны және белсенділігі үшін алғыс айтты.
Есентаева А.М., Елькенова Б.З., Ғалымбеков Д.Ж., Данешова А.М., ҚР ҰҒА академигі Т.К.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары.