Профессорлық оқытушылар құрамымен «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» жиналыс

Профессорлық оқытушылар құрамымен «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» жиналыс

2024 жылдың 29 наурыз күні  «Семей медицина универсиеті» КеАҚ профессорлық оқытушылар құрамымен “Педагогикалық этиканың кейбір сұрақтары”  тақырыбына арналған жиналыс өткізілді. Жиналысқа барлық оқытушылар, кураторлар қатысты. Жиналыста ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының доценті, м.ғ.к. Уразалина Найля Мұратханқызы сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығы «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» заңына сәйкес педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары, жеке тұлғаның абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу туралы айтылды.

Сонымен қатар, оқытушылардың білім алушылармен қарым қатынасы, бағалау ашықтығы, әділдігі және әрбір ұлт мәдениетінің ерекшелігіне, құндылығына және қадір-қасиетіне құрметпен қарау керектігі туралы айтылды.  Оқытушы ұлтаралық қатынастар мәдениетін тәрбиелейді, білім алушыларды тіліне, ұлтына, діни көзқарасына немесе өзге де кез келген жағдайларға қарамастан барлық ұлттар мен барлық адамдардың құқығы мен қадір-қасиетін құрметтеуге үйретеді.

Университетімізде әр түрлі ұлт өкілдері білім алады, сондықтан оларға құрметпен қарауға, олардың діні мен ұлтын құрметтеуге шақырды.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі