Қаржылық сауаттылық, қаржылық қауіпсіздік және киберқылмыстың алдын алу

Қаржылық сауаттылық, қаржылық қауіпсіздік және киберқылмыстың алдын алу

29.03.2024ж. Балалар ауруларының пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Тугелбаева А.М. «Педиатрия» мамандығының 3302 кураторлық тобымен қаржылық сауаттылық, қаржылық қауіпсіздік және киберқылмыстың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты студенттер арасында қаржылық сауаттылық мәдениетін тәрбиелеудің тәсілдерін тұжырымдау және тәжірибеде қолдану болды. Студентерге отбасылық бюджетті жоспарлау және жүргізу, киберқылмыстың мүмкін әдістері мен түрлері туралы ақпарат дайындалып ұсынылды.

Қазіргі адам үшін қаржылық сауатты болу өте маңызды. Адам күн сайын дерлік қаржымен бетпе-бет келеді және кейде оны қалай дұрыс пайдалану керектігін білмейді немесе түсінбейді. Ол өз ақшасын пайдалану және басқару туралы негізделген шешім қабылдауға қабілетті болуы керек. Сондықтан қаржылық сауаттылық адамның әл-ауқаты мен өмірдегі табысының ең маңызды факторы болып табылады.

P.S.: 4 студент Әбу Әли Ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтында академиялық ұтқырлық аясында білім алуда. (Бұхара, Ташкент қ.)

Жарияланды: