Адам өміріндегі ең жақсы істердің бірі – мұқтаж жандарға көмектесу. Қазіргі таңда елімізде түрлі шаралар мен қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созып жатқан қайырымды жандар көбейіп келеді. Жақсылық жасайтын жандар әрқашан және әрқашан табылады.
Рамазан – игі істер айы. Қасиетті Рамазан айында мұқтаж жандарға көмек көрсету дәстүрге айналған. Осыған орай, куратор С.А. Лауенованың жетекшілігімен «Фармация» мамандығының 4 курс студенттері (402 топ) жақсылық жасауға шешім қабылдады.
Көп жылдан бері аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетіп келе жатқан «Зекет» қорымен ақылдаса келе, 4 балалы жалғызбасты ананың мекенжайы мен телефонын алдық.
Бізді анадан гөрі балалар көп күтті. Отбасыға 402 топ үлкен плазмалық теледидар және куратор ақшалай сыйлығын ұсынды.
Анасы мен балалар қуанып, ризашылықтарын білдірді. Анасы ризашылығын білдіріп, бар жақсылықты тіледі. Оның ілеспе сөзі: «Рамазан айында жақсылық үлкен болсын, кіші болсын, 70 есе еселенеді. Сіздерге жасаған жақсылығың 1000 еселеніп қайтсын».
Сондықтан мейірімді, жаңашыр болайық!!!
м. ғ. докторы, профессор Тапбергенов С.О. атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының оқытушысы, 402 «Фармация» тобының кураторы Лауенова С.А.