2024 жылдың 27-29 науырызында Астана қаласында, медициналық білім беру саласындағы гендерлік зорлық-зомбылық мәселесіне арналған медициналық университет оқытушыларына семинар өткізілді. Семинарды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ЮНФПА-ның (БҰҰ-ның халық саласындағы Қоры) Қазақстандағы елдік кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырды. “СМУ” КеАҚ-дан семинарға қатысқан оқытушылар: Терехова Т.И., Абылханова А.Р., Егежанова Г. М.
Денсаулық сақтау жүйесінің зорлық-зомбылықтан аман қалған адамдарға кешенді медициналық көмек көрсетуге дайындығын бағалауға арналған зерттеулер жүргізу кезінде, денсаулық сақтау мамандарының гендерлік зорлық-зомбылық мәселелеріндегі ақпаратының төмен деңгейі атап өтілді. Іс-шараның мақсаты- білім беру процесіне гендерлік зорлық-зомбылық мәселелерін одан әрі енгізе отырып, оқытушыларының білімін арттыру. Үш күн ішінде денсаулық сақтау жүйесінің гендерлік зорлық-зомбылық жағдайларына ден қою мәселелерін бакалавриат пен резидентураның жұмыс оқу бағдарламаларына енгізу мәселелері белсенді талқыланды.
“СМУ” КеАҚ, Семей қ. ЖДТ кафедрасының ассистенті, Терехова Т. И.

