“Сыпайы ақпараттандыру және пациенттермен эмпатикалық коммуникация” мастер-классы

“Сыпайы ақпараттандыру және пациенттермен эмпатикалық коммуникация” мастер-классы

27-29 наурызда Мейірбике кафед кафедрасының ассистенттері Жетмекова Жулдыз Турехановна, Орынбасарова Баян Асқаровна және Кисина Рауан Мырзабековна мейірбикелер үшін “Сыпайы ақпараттандыру және пациенттермен эмпатикалық коммункация” атты республикалық онлайн мастер классын өткізді.  Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 100 медбике қатысты. Мастер-класс жағымсыз жаңалықтарды хабарлау немесе өмірінің соңында пациенттермен сөйлесу сияқты қиын жағдайларда, мейірбикелерге пациенттермен қарым-қатынас жасаудың тиімді стратегияларын меңгеруге мүмкіндік берді, .  Мастер-класс бағдарламасы коммуникативтік дағдыларды жетілдіруге және пациенттермен қарым-қатынасты тиімдірек етуге мүмкіндік беретін дәрістерден, практикалық сабақтардан және рөлдік ойындардан құрастырылды. Қатысушылар көптеген пайдалы ақпарат алды, пациентпен қарым-қатынас жасаудағы қиындықтарымен бөлісті және осы мәселенің өзектілігінің артып келе жатқанын атап өтті.

Жарияланды: