29.03.2024 ж. Университетіміздің кәсіподақ ұйымының ашық отырысы өтті. Жиналыс барысы кәсіподақ мүшелерінің өтініші бойынша онлайн форматта өтті. Отырыс барысында келесі өзекті мәселелер талқыланды.
- “СМУ” КеАҚ Кәсіподақ ұйымының атқарушы комитетінің жаңа құрамымен танысу
- Кәсіподақ ұйымының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарымен танысу
- Ревизиялық комиссия құрамын тағайындау
Жиын барысы кәсіподақ Төрағасы А. К. Букатовтың баяндамасынан басталып 04.03.2024 жылы бекітілген атқарушы комитет мүшелерінің тізімімен таныстырып өтті;
- Кәсіподақ төрағасы Букатов А.К. – барлық міндеттердің орындалуы бойынша жауапкершілікте, кәсіподақ мүшелеріне заңдық қолдау көрсетуге жауапты
- Кәсіподақ төрағасының орынбасары Жылқыбаева А.Ш. – қызметкерлердің жұмыс жасау жағдайын, жұмыс орындарын қадағалап қолдау көрсетуге жауапты
- Уразалина Н.М. – ПОҚ білім беру үрдісі бойынша талаптардың орындалуын бақылау, оқытушыларды құқықтық қорғау, кеңес беруге жауапты
- Селихов И.В. – Салауатты өмір салтын ұстану және насихаттау бойынша шараларға жауапты
- Кыдырбаев А.М.- Қызметкерлер арасында ұйымдастырылатын спорттық шараларға жауапты
- Сейпілұлы А. – Мәдени іс шаралармен мерекелік жиындарды ұйымдастыру үшін жауапты
- Рахимова Б.Б – Санаторлы курорттық жұмыстар және қызметкерлер арасындағы қаржылық шағымдарымен жұмыстар жасауға жауапты
- Искакова А.С. – Университет ішіндегі волонтерлік жұмыстарға және әлеуметтік қолдау қажет ететін тұлғалармен жұмысқа жауапты және университет ардагерлері және мерейтой (юбиляры) иелерімен жұмыс жасауға жауапты
- Шакабаева А.А. – кәсіподақ құжаттарына жауапты және кәсіподақ хатшысы
Сонымен қатар межеленген жұмыс жоспарымен таныстырып, кәсіподақ мүшелеріне қандай әлеуметтік жәрдем, қанша көлемде қаржылық демеу көрсетілетіні бойынша ережелерін талқыға салды. Жиынға қатысушылар ауызша ұсыныстарымен қатар жазбаша сұрақтар жіберіп белсенділік танытты. Қойылған сұрақтардың барлығы назардан тыс қалмай атқарушы комиттет мүшелері өз міндеттеріне сай жауап берді. Кәсіподақ мүшелерінің басым көпшілігі алға қойған жылдық жоспардың дұрыс бағытта екенін атап өтіп әрдайым қолдау көрсетуге дайын екендерін білдірді. Күн тәртібіне сәйкес қатысушылар ревизиялық комиссияға өз кандитаттарын ұсынып құрамына 2 адам енгізілді. Сөз барысында кәсіподақ төрағасы унисерситетіміздің кәсіподақ ұйымының құрамына кірулеріне шақырды, себебі университетіміздің негізгі басқару түрі ұжымдық жүйе екенін ескере кетті. Жиын соңынан атқарушы көмитеттің 1 ай көлемінде атқарған жұмыстарына тоқтала кетті. Атап айтсақ сәрсенбі және жұма күндері университетіміздің бас ғимаратында фитнес залы жұмыс жасайтынын, келесі айға йога бөлмесі даярланатынын және университет спорт лагеріне теннис, бильярд ойындарының іске қосылатынына тоқталды.