Ұрпаққа үлгі

Ұрпаққа үлгі

«Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында 2024 жылғы 15наурызында цикл бастығы  – оқытушы запастағы медицина қызметінің подполковнигі Н.С. Смаиловтың басшылығымен 3404 топта Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының Батыры, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының бұрынғы бірінші Қорғаныс Министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шара барысында Сағадат Нұрмағамбетовтың өмірбаянымен, көзсіз ерлігімен ғана емес, ұлы тұлғаның қазақ тарихындағы дәріптелген,  ұрпаққа үлгі болар  жолымен таныстық.

Нұрмағамбетов Сағадат – өмірін соңына дейін әскери іске арнаған ұлт мақтанышы және де  аты, адамшылық, кәсіптік қасиеттері ел жадында мәңгі қалады.

Өміріне тұтас дәуірді  – жиырмасыншы ғасырдың ең сұрапыл соғысын, қуатты Кеңес Одағының ыдырауын, жас тәуелсіз Қазақстанның дүниеге келуін, біздің ұлттық Армияның құрылуын сыйдыра білген – Аңыз Адам.

«Біз соғысты достықпен жеңдік, атағымызға, ұлтымызға, жасымызға қарамастан бір-бірімізбен жақсы қарым-қатынаста  болдық. Бір-бірлеріңе қамқор болып жүріңдер, сонда ғана аспанымыз ашық, ел іргесі аман болады» деген сөздерін  естен шығару мүмкін емес!

Запастағы медицина қызметінің подполковнигі  Смаилов Нұрбек Саденовичке танымды іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз!

Әскери кафедраның 3404 топ студенттері

Жарияланды: