«Білім алушылардың оқытушыларымен және студенттерімен қарым-қатынасы» тақырыбына арналған жиналысы

«Білім алушылардың оқытушыларымен және студенттерімен қарым-қатынасы» тақырыбына арналған жиналысы

2024 жылдың 29 наурыз күні «Семей медицина универсиеті» КеАҚ білім алушыларымен “Білім алушылардың университет оқытушыларымен және студенттерімен қарым-қатынасы”  тақырыбына арналған жиналыс өткізілді. Жиналысқа барлық курс білім алушылары қатысты. Жиналыста ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының доценті, м.ғ.к. Уразалина Найля Мұратханқызы және және м.ғ.д., профессор С. О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, PhD Советов Бақытбек Советұлы сөз сөйледі.

Доцент Уразалина Н.М. «Семей медицина университеті» КеАҚ білім алышулардың этика кодексіне сәйкес: ешбір жағдайда курстастарының жеке кемшіліктерін талқыламау, басқа студенттерге сыпайылық пен әдептілік таныту, оларға құрметпен қарау, тегіне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген басқа жағдаяттарға қарамастан басқа студенттердің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, қажет болған жағдайда өзара көмек көрсету, білім және тәжірибе алмасу керектігі туралы айтылды.

Сонымен қатар, білім алушылаға өзге ұлт өкілдерімен қарым қатынас достыққа, сыйластыққа негізделу керек және оларға құрметпен қарау керектігі туралы айтылды.  Найля Мұратханқызы студенттермен өз тәжірибесімен бөлісті және барлық студенттерді татулық пен келісімге шақырды.

Рубрикалар: Оқушылар