Студенттерге халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында 2024 жылдың 29 наурызында «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында кафедра ұжымы мен білім алушылардың ұйымдастыруымен Наурыз мерекелік іс-шарасы өткізілді.
Ұлттық нақыштағы көрнекіліктермен әсемделген аудиторияда ұлттық тағамдармен мерекелік дастархан жайылып, наурыз көже дайындалды, әсем әуендер мен билер тамашаланды.
Мерекені және студенттеріміздің өнерлерін тамашалауға университетіміздің бас ғимаратының бөлімдерінен арнайы қонақтар шақырылды.
Қасиетті Рамадан айында аталып отырған іс-шара, ауыз ашармен жалғасты.
Мұндай ұлттық мейрамдар жас ұрпақтың халықтың салт-дәстүрлерін қастерлей білуіне, елін сүюге, ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған, өнегелі азамат болып тәрбиеленулеріне үлкен септігін тигізеді, ұйымшылдыққа, өнерге баулиды.
Әскери кафедраның цикл бастығы – тәрбие ісі жөніндегі жұмыстарға жауапты запастағы м/қ подполковнигі Н.Смаилов