Профессор Н. А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасында 2024 жылғы 19 наурызда «Radix» анатомиялық мектебінің жұмысының болашақ мүмкіншілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты “RADIX” мектебінің жұмыс мүмкіншілектерді талқылау, кафедрамен одан әрі бірлескен жұмысты жоспарлау, жоспарланған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Дөңгелек үстел спикерлері кафедра меңгерушісі, М. ғ. к. Кожанова С. К., аға оқытушылар: А. К. Букатов, Г. М. Есболатова және “RADIX” клубының жетекшісі, аға оқытушы Д. О. Садықова болды. Кеңесшілер тақырыпты талқылауға белсенді қатысты, қызықтырған сұрақтар қойылып, толық жауаптар алынды.