2024 жылдың 29 наурызында КЕАҚ «Семей медицина университеті» Абай облысының денсаулық сақтау басқармасымен және облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп Абай облысындағы денсаулық сақтау мекемелерінің медицина қызметкерлеріне «Балалардағы көкжөтел» тақырыбында семинар өткізді. Семинар аралас форматта өтті.
Алғы сөзбен КеАҚ СМУ клиникалық жұмыс және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі проректоры Д.Беріқұлы, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Тоқтабаева А.Т., КеАҚ СМУ балалар жұқпалы аурулары бөлімінің меңгерушісі және облыстық балалар инфекционисті Эфендиев И.М. сөз сөйледі.
«2024 жылдың 2 айының қорытындысы бойынша республикадағы және Абай облысындағы көкжөтел ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай. Облыс тұрғындарын көкжөтелге қарсы жоспарлы және қайталама иммундаумен қамту» тақырыбында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жұқпалы және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Серікбаева А.Б. баяндама жасады. Келесі кезекте «Балалардағы көкжөтелдің этиологиясы, эпидемиологиясы, жіктелуі, клиникалық көрінісі, зертханалық диагностикасы, емі және алдын алу шаралары» тақырыбындағы КеАҚ СМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының оқу-ісінің меңгерушісі Мансурова А.А. баяндама жасады. Дәрігер-бактериолог Кумарова А.М. «Көкжөтелге сынама алу, сақтау, тасымалдау және зертханалық зерттеу ережелері» туралы айтты. Келесі кезекте Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің жұқпалы және паразиттік аурулар бөлімінің басшысы Тлекина Д.Б. «Көкжөтелдің таралудың алдын алу бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру туралы нормативтік құқықтық актілермен танысу туралы» баяндама жасады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қайырбекова С.З. атындағы денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығы Абай облыстық филиалының ақпараттық жүйелерді басқару бөлімінің бас маманы Нұрбекова А.С. Көкжөтел (МКБ-10 – А37,0, А37,1, А37,8, А37,9) диагнозы бойынша қайтыс болған науқас адамдардың саны туралы мәліметтерді ұсынды.
Семинарды Эфендиев И.М. және Тоқтабаева А.Т. қорытындылап, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Семинарға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Барлығы 152 тыңдаушы қатысты.
Семинарды ұйымдастырушылар іс-шараны өткізуге техникалық қолдау көрсеткені үшін кеАҚ СМУ цифрлық технологиялар бөлімінің қызметкерлеріне алғыс білдіреді.
Эфендиев И.М., Мансурова А.А.

