Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Абай облыстық филиалының “Қазақстан Халық Банкі” АҚ Қауіпсіздік қызметкері Муканов Ильяс пен карточкалық бизнес орталығының бас менеджері Калилканова Алуа «Қаржылық қауіпсіздігі» тақырыбында «Семей медицина университеті» КеАҚ білім алушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында білім алушыларға бөтен біреу қоңырау шалып абоненттік нөмірдің ескіру мерзімі аяқталғаны туралы хабарланса немесе банк және полиция қызметкерлері ретінде жалған күдікті операциялар хабарланатын болса, мұндай мәлімдемелер жалған мәлімдеме болып табылатынын ескертті. Осындай кезде әңгімені дереу үзіп, банктердің немесе полицияның ресми нөмірлеріне қайта қоңырау шалу керектігі айтылды. Білім алушылар өздерін толғандыратын сұрақтарды қойып көптеген мәліметтер алды.

