2024 жылдың 26 наурыз күні КеАҚ «СМУ» ҚР ҰҒА академигі Т.К Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының ұйымдастыруымен «Жалпы медицина» және «Педиатрия» мамандығының 1-курс студенттері арасында пәндік олимпиаданың 1-кезеңі өтті.
1-кезеңде жалпы саны 83 студент білімін сынап, ең жоғары нәтиже көрсеткен 16 қатысушы келесі кезеңге жолдама алды:
- Бейбітқызы Айым “Медицина” ББ 1101 топ
- Назарбекова Динара “Медицина” ББ 1105 топ
- Серікқалиев Рауан “Медицина” ББ 1105 топ
- Мұратханова Сабина “Медицина” ББ 1106 топ
- Ныгыметолла Данара “Медицина” ББ 1122 топ
- Черубаева Ания “Медицина” ББ 1213 топ
- Кәдірова Әлима “Медицина” ББ 1213 топ
- Нұрболқызы Алина “Медицина” ББ 1214 топ
- Азанов Феликс “Медицина” ББ 1227 топ
- Раева Аяжан “Медицина” ББ 1227 топ
- Баширханова Адема “Педиатрия” ББ 1229 топ
- Базылжанов Али “Педиатрия” ББ 1229 топ
- Калимолдина Жаннур “Педиатрия” ББ 1230 топ
- Айнабек Амира “Педиатрия” ББ 1231 топ
- Кадыл Макпал “Педиатрия” ББ 1232 топ
- Мұратова Аяулы “Педиатрия” ББ 1233 топ
Сәуір айының 2 күні Олимпиаданың 2- кезеңі командалық сайыс түрінде өткізілді. Аталған 16 қатысушы жеребе арқылы 4 командаға бөлініп, өзара сынға түсті. Негізгі кезең 3 турдан тұрды. Атап айтсақ:
1-тур – генеологиялық әдіспен шежіре құру, оны талдау
2-тур – капитандар сайысы (блиц-сауалнама)
3-тур – биологиялық механизмдердің сызбасын көрсетіп, маңыздылығын түсіндіру.
Тартысқа толы бұл олимпиаданың қорытындысы бойынша:
1 орын – «Мендель ұрпақтары» командасы (Черубаева Ания 1213, Мұратова Аяулы 1233, Базылжанов Али 1229, Раева Аяжан 1227,)
2 орын – «ДНҚ бөлімі» командасы (Бейбітқызы Айым 1101, Назарбекова Динара 1105, Азанов Феликс 1227)
3 орын – «Ген» командасы (Мұратханова Сабина 1106, Калимолдина Жаннұр 1230, Нығыметолла Данара 1122, Нұрболқызы Алина 1214)
4 орын – «Хромосомика» командасы (Айнабек Амира 1231, Серікқалиев Рауан 1105, Қадыл Мақпал 1232, Қадирова Алима 1213)
Барлық олимпиада қатысушылары дипломдармен марапатталды!
ҚР ҰҒА академигі Т. К Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы барлық қатысушы студенттерге алғыс білдіреді.
Ғалымбеков Д.Ж., Есентаева А.М., Ибраева Г.Р., Данешова А.М., Елькенова Б.З., Кульжебаева С.Р., Кожахметова Б.Б., Мынжанов М.Р., ҚР ҰҒА академигі Т. К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары