Кене инфекцияларының алдын алу бойынша семинар (кене энцефалиті және кене сүзегі)

Кене инфекцияларының алдын алу бойынша семинар (кене энцефалиті және кене сүзегі)

Шығыс Қазақстан облысы жұқтыру қаупі “жоғары” аумақтарға жатады, өйткені кене энцефалитімен сырқаттанушылық Республика бойынша сырқаттанушылықтың орташа көрсеткіштерінен 2 есе асады. Ауру көктем- жаз айларында жиі кездесушілігі, кенелердің ең белсенді кезеңімен байланысты болып табылады. Қауіпті кезең, кенелердің жабысуы сәуірден – қыркүйек айларына дейін созылады. Облыстың 8 аумағы кене энцефалитінің табиғи ошақтары болып табылады: Глубокое, Алтай, Катонқарағай, Самар, Ұлан, Шемонаиха аудандары және Риддер, Өскемен қалаларының айналасы.
03.04.2024 ж. МУС” КЕАҚ университеттік госпиталінде кене инфекцияларының (кене энцефалиті және кене сүзегі) алдын алу бойынша семинар өтті, оның ұйымдастырушылары жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ. д., профессор Н. К. Шаймарданов, ассистент Е. М. Смаил және 602-топтағы ЖТД интерндері болды. Спикерлер кене энцефалиті – бұл жедел, инфекциялық, табиғи-ошақты ауру, вирустың әсерінен және кенелер арқылы берілетінін, орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталатынын, парездер мен аяқ-қолдардың параличінің дамуына әкелетінін, күрделі жағдайларда өлімге әкелетінін еске салды.
Семинар аясында болашақ дәрігерлер кене энцефалитінің эпидемиологиясын, диагностикасын атап өтіп, кене энцефалитінің спецификалық және спецификалық емес профилактикасына ерекше назар аударды. Кене энцефалитінің клиникалық презентациясы бөлек ұсынылды.
Семинарға қатысушылар кене энцефалитінен қорғауға арналған қолданыстағы вакцина препараттары, олардың тиімділігі мен қолдану схемалары, сондай-ақ кене шабуылының алдын алуға бағытталған шаралар және егер кене сору фактісі орын алса, қажетті әрекеттер туралы ақпарат алды.
Шаймарданов Н.к., Смаил Е. М.

Рубрикалар: Категориясыз