Анатомия – медицинаның тамыры. “Radix” мектебі студенттердің медициналық пәндерді оқып-үйренуіне және Адам анатомиясы туралы білімді барлық клиникалық пәндерді әрі қарай оқу процесінде және болашақ кәсіби қызметте қолдану дағдыларын қалыптастыруға негіз қалайды. Екінші курс “radix” мектебінің кеңесшілері бірінші курс студенттерімен кездесу өткізді. Мектептің басты мақсаты-студенттерді даярлау сапасын арттыру. Оқытушылар мен студенттердің өзара іс-қимылының ерекше ортасы негізінде қалыптасқан мектеп студенттердің жеке қасиеттерін дамытуға, кәсіби медициналық құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етеді. Өзін-өзі даярлау оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады. Мектепте Өзін-өзі тәрбиелеу және “студенттен студентке” бағдарламасы бойынша тәжірибе алмасу үшін жағдайлар қамтамасыз етіледі, жаңа білім беру технологиялары қолданылады