04. 04. 2024 ж. «СМУ» КеАҚ университеттік госпиталінің конференц-залында «Тоқта, қызылша!» атты олимпиада өтті. Олимпиаданың ұйымдастырушылары жұқпалы аурулар, иммунология және дерматовенерология кафедрасы және «СМУ» КеАҚ жалпы дәрігерлік практика кафедрасы болды. Олимпиадаға ЖТД 606 (Беляева Т. М.), 602 (Смаил Е. М.), 609 (Хисметова А. М.), 612 (Фаизова А. М.), 607 (Юрковская О. А.) интерндері, қазіргі уақытта кафедрада оқитын топтар қатысты.
Жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Н. К. Шаймарданов, Жалпы дәрігерлік практика кафедрасының доценттері О. А. Юрковская, Т. М. Беляева, Р. И. Фаизова университет аралық «Тоқта, қызылша!» атты іс-шараға белсенді дайындықтары үшін алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.
Олимпиада интерндердің практикалық және ғылыми-зерттеу қызметіне деген қызығушылығын анықтау және дамыту, болашақ жалпы практика дәрігерінің құзыреттерін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасау, жалпы жұқпалы аурулар саласындағы теориялық және практикалық білімді тарату және танымал ету мақсатында өткізілді.
Есеп комиссиясының нәтижелері бойынша жүлделі орындар анықталды, олимпиаданың барлық қатысушыларына атаулы сертификаттар табысталды.
Шаймарданов Н. К., Юрковская О. А., Смаил Е. М.