“Жандүние, ағза, сана” тақырыбына дәріс

“Жандүние, ағза, сана” тақырыбына дәріс

2024 жылдың 1 сәуір күні «Семей медицина университеті» КеАҚ білім алушыларына м. ғ. к., оториноларинголог, нейропсихолог, психосоматика бойынша кеңесші Жақиянова Жаннат Оразмұхаметқызы “Жандүние, ағза, сана” сыры жайлы  білім арқылы денедегі сырқаттардың  алдын алу және сауығу жайлы дәріс оқыды. «ЖАС» (жандүние, ағза, сана) – медицина мен психологияның симбиозы”. Идея-ауырсыну әр науқаста әр түрлі жолмен көрінеді. Оны қабылдау жан мен санаға байланысты. Жанды, денені, сананы біріктірудің кілті-әр адам өзі таба алатын энергия көзін анықтау. Оны біле отырып, адам емделуді қамтамасыз ете алады. Студенттерге дәріс өте ұнады, дәріс соңында әр студент өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар