«Ағзалар мен жүйелер патологиясы» пәндік олимпиадасы

«Ағзалар мен жүйелер патологиясы» пәндік олимпиадасы

2024 жылдың 30 наурызында университетіміздің 2-ші дәріс залында «Ағзалар мен жүйелердің патологиясы» пәні бойынша профессор Т.А. Назарова  атындағы физиологиялық пәндер  кафедрасы және профессор Ю.В. Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедраларының ұйымдастыруымен пәндік олимпиада өтті. Олимпиаданың мақсаты шығармашылық, зияткерлік іс әрекетке белсенді қатысатын дарынды оқушыларды анықтау және олардың санын арттыру, сонымен қатар «Ағзалар мен жүйелер патологиясы» бойынша білімдерін бекіту, жетілдіру және тереңдету. Олимпиадаға «Жалпы медицина» мамандығының орыс, қазақ және шетел бөлімдерінің 3 курс студенттері қатысты.

Профессор Ю.В.Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Шабдарбаева Д.М., Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Рахыжанова С. және Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты  Уразалина Н.М.  олимпиадаға қатысушыларға құттықтау сөзін айтты.

Олимпиаданың бірінші турында «Ағзалар мен жүйелер патологиясының» негізгі сұрақтары бойынша тест тапсырмаларын шешу  мақсатында студенттерді тестілеу өткізілді. Тест тапсырмалары бойынша ең жоғары балл жинаған  25 оқушы келесі кезеңге сәтті өтті.

Олимпиаданың әділқазылар алқасының құрамына кірді: Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты  Уразалина Н.М.,  Ю.В.Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының доценті м.а., медицина ғылымдарының кандитаты Апбасова С.А., профессор Пругло Ю.В. атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының ассистенті, медицина ғылымдарының кандидаты Жакипова А.А. және Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы, медицина магистрі Қанатбекова А.К.

Олимпиаданың 2-ші кезеңі патогенетикалық схемаларды көрсетумен және микропрепараттардың презентацияларынан басталды. Сайыс қорытындысы бойынша келесі кезеңге 6 оқушы өтті. Олимпиаданың 3-ші кезеңі әртүрлі номинациялар бойынша жеке сұрақтарды қамтыды: микропрепараттар түрінде және патологиялық физиология бойынша сұрақтар. Бұл қиын кезеңді 6 оқушы да сәтті аяқтады. Студенттер патологиялық физиологияның теориялық бөлімі бойынша білімдерін және патологиялық анатомия бойынша тәжірибелік білімдерін көрсетті.

Қазыларалқасының шешімімен «Жалпы медицина» мамандығының 3 курс студенттері жеңімпаз атанды: 1- ші орын Muhammad Sabir Khan, 2- орын Жуматаева Камила және Мейрамбекқызы Аружан,  3-орын Karuna Singh, Preeti Pal және WaseemUllah.

Соңында, қорытындылай келе, профессор Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі   м.ғ.к.Рахыжанова С.О., қауымдастырылған профессор Уразалина Н.М. және профессор Ю.В.Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының ассистенті   м.ғ.к. Жакипова А.А. жеңімпаздарды дипломдармен  және сертификаттармен марапаттады. Олимпиадаға қатысушылар сертификаттарға ие болды.     Профессор Ю.В.Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының барлық резиденттеріне алғысымызды білдіреміз. Пәндік олимпиаданы тамаша ұйымдастырып өткізгені үшін Өскемен қаласынан келген резидент   Халел  Әзияға ерекше алғысымызды білдіреміз!

Олардың әрқайсысы осы игі іске өз жанының бір бөлшегін салды!

Дәріс залында студенттердің «Ағзалар мен жүйелер патологиясы» деп аталатын пәндерге деген қызығушылықтары мен шынайы жылулық атмосферасы болды!!!

 

Профессор Т.А. Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасы, профессор Ю.В.Пругло. атындағы патологиялық анатомия және сот медицина кафедрасы.