04.04. 2024 ж. Профессор Н.А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасының аға оқытушысы А.К. Букатов, 2 курс стоматолгия бөлімінің 208 топ студенті Н. Оспанмен бірге «Авиценна» жоғарғы медициналық колледжінің 3 курс фельдшерлік бөлімінің студенттерін кафедрада қабылдады. Кездесу барысында кафедра жұмысымен студенттердің оқу үрдістерімен таныстырып, кафедра базасы бойынша шағын экскурсия жасатты. Кезігу барысы еркін түрде өтті, келген қонақтарымыз университетімізде өткізілетін студенттік шараларға қатты қызығушылық танытты. Кафедраның ішінде орналасқан кіші кітапхананы, мұражайды, ғылыми экспериментальді операциялық блокты көріп, оқу барысына қандай жағдайлар жасалғанына ризашылықтарын білдіре отырып болашақта осы университеттің студентер қатарына қосылатындарын айта кетті. Келген қонақтарымыз болашақта осындай шаралар жиі өткізілсе екен деп ұсыныстарын қалтырды.