«Нефрология» пәні бойынша профессордың шеберлік сабағы

«Нефрология» пәні бойынша профессордың шеберлік сабағы

2024 жылдың 28 наурызы мен 4 сәуірі аралығында КЕАҚ «МУС» академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 7R01151 «Ересектер және балалар нефрологиясы» мамандығы бойынша оқитын 1 және 2 курс резиденттері үшін онлайн мастер-класс өткізілді. Шақырылған профессор – Елена Борисовна Клестер, м.ғ.д., Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігі Алтай мемлекеттік медицина университетінің госпитальды терапия және эндокринология кафедрасының меңгерушісі.

Мастер-класс барысында профессор шумақтық аурулардың заманауи KDIGO ұсынымдарын, нефротикалық синдром, түтікшелік аурулар, бүйректің жедел зақымдануы және созылмалы бүйрек ауруларының  диагностикалық критерийлері мен ем қағидалары жөнінде мәлімдеді.

Шеберлік сабақ өте мазмұнды және қызықты өтті, резиденттер білімдерін тиянақтап, толықтырды, ең маңыздысы, барлық алған білімдерін тәжірибеде кең қолдануға болады.

Жарияланды: